07 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бұйрығы №99 

833 рет
көрсетілді
38 мин
оқу үшін
2015 жылғы 10 тамыз, Астана қаласы «Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу тәртібін жетілдіру, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын: 1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 санымен тіркелген, 2014 жылғы 21 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидада келесі ұғымдар қолданылады: 1) ақпаратты есепке алу кітабы (бұдан әрі - АЕК) – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚПК) 180-бабының бірінші бөлігінде аталған себептерді қоса қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат енетін автоматтандырылған ақпараттық деректер базасы; 2) қайта жасалған арыз және хабар – бір реттен аса сол бір қылмыстық құқық бұзушылық бойынша бірнеше рет жүгіну; 3) қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат – белгіленбеген тұлғаның хабарын, сондай-ақ ҚР ҚПК 180-бабының бірінші бөлігінде аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептерін, ҚР ҚПК 181-бабының 5-бөлігінде көрсетілген арыздар мен хабарларды қоса алғандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау қажеттілігі бар ақпарат; 4) қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты есепке алу – АЕК-ке осы тармақтың 8)-тармақшасында көрсетілген себептерді осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес «АЕК-дегі есепке алу» К-1 нысаны бойынша (бұдан әрі - К-1 нысаны), сонымен қатар осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес, «АЕК бойынша шешім» К-2 нысаны бойынша, осы Қағиданың 12 және 14-тармақтарына сәйкес оның шешілу нәтижелері туралы мәліметті (бұдан әрі - К-2 нысаны) қоса қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты бекіту; 5) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды және ақпаратты қабылдау – қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдарының ҚР ҚПК 180-бабының бірінші бөлігінде аталған себептерді, сонымен қатар қылмыстық құқық бұзушылық туралы өзге ақпаратты міндетті түрде қабылдауы; 6) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - СДТБТ) –ҚР ҚПК 180-бабының бірінші бөлігінде аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері, олар бойынша қабылданған процестік шешімдері, жүргізілген әрекеттер, қылмыстық іс жүргізудің жылжуы, қылмыстық процестің арыз иелері мен қатысушылары туралы мәліметтер енетін автоматтандырылған деректер базасы; 7) қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарды тіркеу – осы тармақтың 8)-тармақшасында көрсетілген себептерді СДТБТ-да тіркеу; 8) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептері – арыз, кінәсін мойындап келу, хабар, ҚР ҚПК 181-184 баптарының талаптарына сәйкес рәсімделген, ҚР ҚПК 180-бабының бірінші бөлігінде аталған қылмыстық құқық бұзушылық туралы баянат; 9) құқықтық өкілетті адам – қылмыстық қудалау органы кезекші бөлімінің қызметкері, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдауға және есепке алуға жауапты лауазымды адам; 10) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары; 11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы; 12) электрондық ақпараттық есепке алу құжаты (нысан) – оның негізінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректері қалыптасатын белгіленген үлгідегі құқықтық статистикалық ақпараттың жеткізгіші; 13) хабар-ошарсыз кеткен адам (хабар-ошарсыз жоғалған адам) – кенеттен, қандай да бір себепсіз жоғалып кеткен, орналасқан жері белгісіз және оған қатысты оны іздеу туралы арыз, хабар келіп түскен адам; 14) туыстарымен байланысын жоғалтқан адам – әртүрлі себептерге байланысты туыстарымен қандай да бір қарым-қатынас жасамайтын және өзінің орналасқан жері туралы мәліметтерді хабарламайтын, оған қатысты іздестіру туралы шағым келіп түскен адам; 15) иесі бүркемеленген өтініш – ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, арыз берушінің қолтаңбасы, оның ішінде электронды цифрлық қолтаңбасы, пошталық мекенжайы жоқ өтініш; 16) жасырылған қылмыстық құқық бұзушылық – ҚР ҚПК 180-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептерінің болуына қарамастан, ол бойынша СДТБТ-да оны тіркеуге шаралар қабылданбаған қылмыстық теріс қылық немесе қылмыс.»; 3-тармақ алынып тасталсын; 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері мен бөлімшелері арасында өкілеттіктерді жіктеу және олардың қызметін қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу бойынша ұйымдастыру, сонымен қатар СДТБТ-да жүргізу құқық қорғау және арнайы органдар басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 5. Қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдайды. Кезкеші бөлімдер қабылдауды тәулік бойы жүзеге асырады. СДТБТ-на қолжетімділігі бар лауазымды адамдар қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдағаннан кейін оны АЕК-на бекітуді жүргізеді. СДТБТ-на қолжетімділік болмаған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдаған лауазымды адам байланыс құралдарын пайдалана отырып құқықтық өкілетті адамға хабарлайды, ал ол алынған хабарлама негізінде АЕК-де бекітуді жүзеге асырады және осы Ереженің 3-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баянат жасайды. Жедел-іздестіру қызметінің барысында «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерілгеннен кейін, соның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау кезінде арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары қолданыла отырып алынған мәліметтер ҚПК 184-бабының 1-бөлігі 2)-тармағының талаптарына сәйкес лауазымды адамның баяндамасы бойынша тіркелуі тиіс. Байланыс арналары арқылы келіп түскен бүркемеленген өтініштер, соның ішінде белгісіз адамдардың хабарлары АЕК-де бекітіледі және ондағы қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер ҚПК-нің 184-бабының 1- бөлігі 2)-тармағының талаптарына сәйкес, тек лауазымды адамның баянаты бойынша расталған жағдайда ғана СДТБТ-да тіркелуі мүмкін. Қылмыстық қудалау органдары анықтаған әкімшілік құқық бұзушылықтар және тәртіптік теріс қылықтар АЕК-де бекітуге жатпайды.»; 5-1, 5-2 тармақтар алынып тасталсын; 8, 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8. Прокуратура органының басшысы, тергеу бөлімінің немесе анықтау органының жауапты бастығы ҚР ҚПК-мен белгіленген құзыретке сәйкес, сондай-ақ құқықтық өкілетті лауазымды адам осы Қағиданың 12)-15)-тармақтарының талаптарын орындау үшін және сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісін жүзеге асыру үшін тергеушілерге, анықтаушыларға, прокурорларға, сондай-ақ өзге де лауазымды адамдарға қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпараттың дереу берілуін қамтамасыз етеді. АЕК-де бекітілген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат осы Қағидада көзделген шешімдерді қабылдай отырып, 24 сағат ішінде қарауға жатады. АЕК-де бекітілген туыстарымен байланысын жоғалтқан адамды іздестіру туралы арыз СДТБТ-де тіркелуге жатпайды. 9. Жасалған, дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар арызданушы тікелей жүгінген (өзі келген) кезде, осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес, арызға толықтыру – осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес қабылданады. Ауызша арызды қабылдау жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз қабылдау туралы хаттамамен осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша рәсімделеді. Бұл талап телекоммуникациялық және электрондық байланыс құралдары, сонымен қатар пошта байланысы және жүгінулерге арналған жәшіктер арқылы келіп түскен арыздарға, хабарларға қолданылмайды. Аталған жағдайларда, арызды үлгілер бойынша толтыру қылмыстық қудалау органы қызметкерінің арызданушыға тікелей келуімен, ал кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда – шұғыл тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін іске асырылады.»; 12, 13, 13-1, 14, 14-1, 14-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «12. Осы Қағиданың 9-11-тармақтарында көрсетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау себептерін олардың құзыреттеріне сәйкес аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізу тапсырылған тергеушілер, анықтаушылар, прокурорлар, құқықтық өкілетті адам сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының лауазымды адамдары СДТБТ-ға дереу тіркеулері қажет. 13. Тергеушілер, анықтаушылар және прокурорлар, құқықтық өкілетті адамдар сонымен қатар аталған ақпаратты қарау тапсырылған өзге лауазымды адамдар осы Қағиданың 9-11-тармақтарында көрсетілген себептерді қоспағанда қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты алған кезде дереу, бірақ 24 сағаттан кешіктірмей осы Қағиданың 9, 10-тармақтарының талаптарын сақтаумен қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны қабылдайды және оларды осы Қағиданың 12-тармағына сәйкес СДТБТ-ға тіркейді. 13-1. АЕК-нда қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат бекітілгеннен кейін, АЕК-нда бұрын тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ұқсас ақпарат белгіленген жағдайда, ол алғашқы тіркелгенге қосу үшін лауазымды адамға немесе органға беріледі. Егер АЕК-нда тіркелген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ұқсас ақпарат бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған жағдайда, ол СДТБТ-нде тіркелусіз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына қосылады. 14. Егер АЕК-нда бекітілген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпарат ҚР ҚПК 180-бабының 1-бөлігінде көрсетілген себептерге сәйкес келмеген жағдайда, осы Қағиданың 8-тармағы екінші бөлігінде көзделген мерзімде мынадай шешімнің біреуі қабылданады: 1) лауазымды адамның баянаты негізінде, қылмыстық қудалау органы басшысының немесе оның орынбасарының келісімімен қараусыз қалдырылады және номенклатуралық істе растаушы құжаттармен бірге (нарядта) сақталады; 2) ҚР ҚПК 181-бабының 5-бөлігінде көрсетілген жағдайларда, тиісті уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға жолданады, осындай ақпарат бойынша материалдар қайтарылған жағдайларда, олар шешім қабылдана отырып АЕК-нда бекітіледі; 3) басқа негіздер болған кезде, әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды адамға) жолданады; 4) егер ақпаратты қарау өзге қылмыстық қудалау органының құзыретіне жататын болса, аумақтық тиесілігіне немесе ішкі ведомстволығына қарай жіберу туралы; 5) АЕК-на немесе СДТБТ-не қосу туралы; 6) басқа негіздер болған кезде, әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы мәселелерді қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға (лауазымды адамға) жолданады; 7) заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаға қатысты дәлелдерін растайтын құжаттар мен материалдарсыз азаматтық-құқықтық сипаттағы мәмілелер қорытындыларында негізделген арызы СДТБТ-де тіркелмей, ҚПК-нің 181 бабы 3-бөлігінің талаптарына сәйкес келтіру үшін қайтарылуға жатады. Қабылданған шешім туралы арыз авторына жазбаша жауап беріледі. 14-1. Қылмыстық қудалау органына келіп түскен және АЕК-да тіркелген, қылмыстық қудалауы жеке тәртіпте жүзеге асырылатын мәліметтерді қамтитын арыз, хабарлама қолда бар материалдармен бірге соттылығына қарай СДТБТ-де тіркелусіз тиісті сотқа жіберуге жатады. Егер, ҚПК 179-бабы үшінші бөлiгі ережелерiне байланысты жәбірленуші адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы шағымдануынан бас тартатын жағдай болса, онда лауазымды адам осы Қағиданың 14-тармағы 1)-тармақшасында көзделген шешімді қабылдайды. 14-2. ҚР ҚПК 179-бабы 6-бөлігіне сәйкес, қылмыстық қудалауы жеке тәртіпте жүзеге асырылатын мәліметтерді қамтитын арыз, хабарлама бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық белгілері туралы мәліметтерді қамтитын арыз, хабарлама бойынша шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізу оларды соттылығына қарай немесе тиісті уәкілетті мемлекеттік органға не лауазымды тұлғаға жіберуге, сонымен қатар осы Қағиданың 14-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес шешім қабылдауға кедергі болмайды.»; 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Себепті СДТБТ-де тікелей бекіту мүмкіндігі болмаған жағдайда осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген лауазымды адам байланыс құралдарын пайдалану арқылы қылмыстық қудалау органының қабылдау мен есепке алуға жауапты адамын хабарландырады, ол алынған хабарландырудың негізінде осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес СДТБТ-де тіркеу туралы баянат дайындайды. Қылмыстық қудалау органына келу бойынша лауазымды адам себепті тіркеген уәкілетті адамнан сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеу туралы баянатты алады және белгіленген тәртіпке сәйкес СДТБТ-ға қосымша мәліметтер енгізеді.»; 20, 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «20. СДТБТ-ні жүргізу шешім қабылдаған лауазымды адамның уәкілетті органға Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы арқылы берілетін «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылатын қылмыстық өндіріс бойынша әрбір әрекетке және шешімге электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі - нысан) сәйкесті деректемелерін толтырады. Ақпаратты енгізу барысында осы Қағиданың 34 және 35-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылықтың толық сипаттамасы және одан әрі шешімді қабылдау негіздемелері көрсетіледі. 21. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты тіркеу осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес «СДТБТ-де тіркеу» Е-1 нысанында (бұдан әрі–Е-1 нысаны) толтыру арқылы жүзеге асырылады, оны сақтағаннан кейін қылмыстық өндіріске автоматты түрде тіркеу нөмірі беріледі.»; келесі мазмұнды 21-1-тармақпен толықтырылсын: «21-1. Жасырылған қылмыстық құқық бұзушылық анықталған кезде, лауазымды адам осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес міндетті түрде 6, 6.1 және 6.2 деректемелерін белгілей отырып Е-1 нысанын толтыру арқылы оның СДТБТ-де тіркелуіне қатысты дереу шаралар қабылдайды. Егер қылмыстық құқық бұзушылық осыған дейін АЕК-нда бекітілмеген немесе оны прокурор анықтамаған болса, онда алдын-ала осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес К-1 және осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес К-2 нысандары қойылады. Егер қылмыстық құқық бұзушылық осы Қағиданың 14-тармағында көзделген шешімдерді негізсіз қабылдау арқылы жасырылған болса, онда осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес К-2 нысанындағы мәліметтерді түзету жүзеге асырылады. Негізсіз есептен шығарылған тіркелмеген қылмыстық құқық бұзушылық материалдары номенклатуралық істен алынады. Уәкілетті лауазымды адам қылмыстық қудалау органының өкілімен бірлесіп жасырылған қылмыстық құқық бұзушылық материалдарын номенклатуралық істен алып тастау туралы актіні құрады, оның бір данасы номенклатуралық істе сақталады. Актіде арыздың немесе хабардың СДТБТ-де тіркелу қажеттілігі туралы мәліметтер, ал тіркеуден кейін тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кейіннен ҚР ҚПК 35-бабы 1 бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8)-тармақтарында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған немесе сот ақтау үкімін шығарған жағдайда, қылмыстық құқық бұзушылық жасырылған деп есептелмейді.»; 30-тармақ мынадый редакцияда жазылсын: «30. Қоғамдық орындарда және көшеде жасалғандар ретінде есепке алуға жатпайды: 1) құқық бұзушылықты жасау сәтінде өз қызметін орындамайтын қоғамдық мәндегі объектілерде жасалған құқық бұзушылықтар; 2) еңбек ететін ұжымдар жұмыс үшін пайдаланатын және күзетілетін автотұрақтардағы рұқсатнама режимдері бар объектілерде жасалған құқық бұзушылықтар; 3) ұйымдардың, мекемелердің, сауда және ойын-сауық мекемелерінің қосалқы орынжайларында, киім гардеробтарында, соның ішінде оқу және өзге мекемелердің спорт залдарының киім шешетін орындарында және қызметтік кабинеттерде жасалған құқық бұзушылықтар; 4) таксиде жасалған құқық бұзушылықтар; 5) қоршауының болуынан тәуелсіз қараусыз қалған ғимараттар территориясында, жерасты коммуникацияларда, жергілікті жарақталмаған учаскелерде – бос алаңда, көше мен жағажай жағалауынан басқа өзен жағалауында, қандай да бір инфрақұрылым объектілерінсіз автожол учаскелерінде жасалған құқық бұзушылықтар; 6) пәтердегі ұрлық және жатақханалардың, қонақ үйлердің, демалыс үйлерінің орынжайларында, жолаушылар болмаған жағдайда аралықтарда тұрған жолаушылар пойыздарының вагондарда, жолайрықтарда, тұйықтар мен тұрақ саябақтарында жасалған басқа құқық бұзушылықтар; 7) коммуналдық пәтерлердің жаппай пайдалану орындарында, шатырларда, жертөлелерде, лифтілерде жасалған құқық бұзушылықтар, бұзақылықтан басқа; 8) созылмалы құқық бұзушылықтар; 9) жол-көлік құқық бұзушылықтары.»; 33-тармақ мынадай редакцияда жасалсын: «33. Соттан жариялық немесе жеке-жариялық тәртіпте аңдылатын қылмыстық құқық бұзушылық белгісін анықтаумен байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өткізу туралы мәселені шешу үшін тергеу бойынша істі жолдау туралы қаулы келіп түскен жағдайда прокурор бір уақытта СДТБТ-де бұрын жүргізілген тіркеудің болуын тексерумен СДТБТ-не келіп түскен материалдарды тіркейді. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тіркелуі болмаған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін шаралар қабылданады. Осы дерек бойынша СДТБТ-де сотқа дейінгі тергеудің тіркелуі болған кезде материалдар осы Қағиданың 17-тармағына сәйкес бұрын тіркелген сотқа дейінгі тергеуге қатыстырылады. Осы дерек бойынша бұрын тоқтатылған СДТБТ-ға сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тіркелуі болған кезде бұрын қабылданған процестік шешімін жою туралы мәселе шешіледі.»; 35-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «35-1. Хабар-ошарсыз жоғалған адамды іздестіру туралы келіп түскен арыз және хабарлама дереу СДТБТ-де тіркелуге жатады, «қылмысты саралау» деректемесін толтыру кезінде, өзге қылмыс белгілеріне нұсқайтын жағдайлар болмағанда «000» коды қойылады. Криминалдық сипаттағы өлімнің анық белгілерінсіз мәйіттің табылу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруі басталғанда, «қылмысты саралау» деректемесін толтыру кезінде, егер өзге қылмыс белгілеріне нұсқайтын жағдаяттар болмаса, өлім себебін белгілегенге дейін «001» коды қойылады. Егер сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жоғарыда көрсетілген деректер бойынша криминалдық сипаттағы белгілер анықталса, қылмыстың саралауы «СДТБТ бойынша шешім» Е-2 нысанында осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылықты саралаудан шығатын тиісті деректемелерді көрсету арқылы қылмыстық істі жүргізетін лауазымды адаммен анықталады.»; 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «40. Келтірілген, өтелген залал сомасы әрбір жеке қылмыстық құқық бұзушылық бойынша, СДТБТ-де тіркеу, тоқтату немесе айыптау актісімен, қылмыстық теріс қылық жасау туралы хаттамамен немесе процестік келісімімен бірге прокурорға жолдау туралы шешім қабылдау кезінде жеке көрсетіледі.»; 42, 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 42. СДТБТ-де тіркелген арыздар мен хабарлар бойынша тәртіптік теріс қылықтың, әкімшілік құқық бұзушылықтың немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың болуын көрсететін, ол бойынша қылмыстық қудалау жеке тәртіпте жүзеге асырылатын деректерді орнату кезінде, ҚР ҚПК 179-бабы 4 және 5-бөліктерімен көзделген шешімдер ҚР ҚПК 35-бабы 1-бөлігінің 2)-тармағында көзделген негіздер бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы процестік шешімін қабылдағаннан кейін қабылданады. Бұл ретте, жеке айыптау істері бойынша арыздаушыға ҚПК 408-бабы тәртібінде сотқа шағымдану құқығы түсіндіріледі. 43. Прокурордың қол қоюына сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін ұзарту және СДТБТ-ға тіркелген арыз бен хабарды ҚР ҚПК 186-бабы 2-бөлігі тәртібінде тергеу бойынша беру туралы СДТБТ-не енгізілген нысандар беріледі. Осындай шешімдерді есепке алу қылмыстық істің прокурорға іс жүзінде келіп түскен сәтінен бастап бес тәулік ішінде нысанға прокурор қол қойғаннан кейін жүргізіледі.»; 45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «45. «Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдікті (айыпталушы) деп танылған адамға қатысты нысан» Л-2 нысаны осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес, ҚР ҚПК 64-бабының 1-бөлігіне сәйкес адам күдікті деп танылған жағдайда, оған қатысты іс жүргізу шешімі қабылданған, сондай-ақ ҚПК 35-бабы 1-бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11), 12)-тармақтарымен және 36-бабымен көзделген негiздер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған жағдайларда толтырылады.»; 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «50. Прокурордың нысандарға, соның ішінде прокурормен келісілген шешімдер бойынша қол қою уәкілеттілігінің жіктелуін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ҚПК 193-бабы 2-бөлігіне сәйкес анықтайды. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі қызмет нәтижелері сәйкесінше осы Қағиданың 15 қосымшасына сәйкес «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау барысындағы прокурор қызметі туралы нысан» Е-4 нысанын толтыру арқылы белгіленеді»; 52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «52. Есірткі құралдарын жою туралы мәлімет сот үкімінің (қаулысының) негізінде, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы немесе прокурормен келісілген ЕПЗ жою туралы қаулы негізінде толтырылады. Соттағы есірткі құралдарын және басқа да заттай дәлелдемелерді жою туралы деректерді толтыруды уәкілетті органының қызметкері сот мәліметтері негізінде жүзеге асырады, ал қылмыстық қудалау органдағы ақпаратты толтыруды – жою актісі негізінде заттай дәлелдерді сақтауға жауапты лауазымды адам жүзеге асырады.»; 57, 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «57. Қалған нысандар бойынша мәліметтер шешім қабылданған сәттен бастап 24 сағат ішінде, ал қылмыстық iсті прокурорға немесе сотқа жолдау қажет болған жағдайда іс жүзінде жолданғаннан кейін енгізіледі. 58. СДТБТ-не енгізілген ақпараттың қылмыстық өндіріс материалдарына сәйкес келмеу дерегі анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтарды нысандардағы мәліметтерді түзету арқылы жою бойынша шаралар қабылданады. Нысандардағы мәліметтерді түзету осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес К-1 нысанындағы және осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес К-2 нысанындағы, 1-ден 5-ке дейінгі деректемелерінде, сондай-ақ, осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес E-1 нысанындағы арыз беруші туралы мәліметтегі түзетулерді қоспағанда осы нысанға бұрын енгізілген деректердің өзгерулері болып табылады. СДТБТ-не енгізілген деректерді түзету уәкілетті органға растайтын процестік құжаттармен бірге тікелей жіберілетін бастамашылардың қолдаухаттары, сондай-ақ уәкілетті органның басшысымен келісілген уәкілетті прокурордың баянаты бойынша жүзеге асырылады және бұл туралы мәліметтері түзетілген органға дереу хабарланады Қадағалаушы прокурордың қолдаухаты бойынша деректер түзетілгеннен кейін, көрсетілген мәліметтер кейіннен қылмыстық қудалау органының қолдаухаты бойынша тек прокурормен келісіле отырып өзгертілуі мүмкін. Есепті мерзімде енгізілген «Қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға жәрдемдесетін күштер және құралдар» деректемесі растау құжаттарынсыз, тергеу органының қолдаухаты бойынша ол келіп түскен сәттен бастап 24-сағат ішінде, ал қолдаухат есепті мерзімнің соңғы күні келіп түскен кезде сол күні редакцияланады.»; 68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «68. Сотқа дейінгі тергеудің тіркеу нөмірі осы Қағиданың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптасады. Ақпараттық жүйеге қол жеткізімділіктің болмауына әкеп соққан туындаған штаттан тыс жағдай туралы тиісті акті осы Қағиданың 21-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады, онда қылмыстық құқық бұзушылық туралы қабылданған арыздар мен хабарламалардың және ақпараттық жүйеге қолжетімділік болмаған мерзімде тіркелген басталған сотқа дейінгі тергеулердің себептері, ұзақтығы, саны мен тізімі бейнеленеді. Тіркеуге жауапты лауазымды адам ақпараттық жүйеге қол жетімділік болмаған жағдайда, осы Қағиданың 11-17-қосымшаларына сәйкес қағаз нұсқаларын толтырады және оқыс жағдай туралы актімен бірге 24 сағат ішінде мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу үшін ілеспе хатпен уәкілетті органға ұсынады. Уәкілетті органның қызметкері қағаз нұсқасында ұсынылған мәліметтерді олардың келіп түскен кезінен бастап 24 сағаттан кешіктірмей тіркеу нөмірлерін сақтай отырып ақпараттық жүйеге енгізеді. 1, 3, 11, 12, 13, 15, 16,17, 18, 20-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын. осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес 21-қосымшамен толықтырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрі - Комитет): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналасуын; 4) осы бұйрықтың мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, сонымен қатар Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры А.ДАУЫЛБАЕВ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 10 тамыздағы №99 бұйрығына 1-қосымша Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан К-1 нысаны АЕК-нда тіркеу АЕК нөмірі ___________________________ Қабылдау күні мен уақыты _________________________________ Тіркеу органы __________________________________________________________________________________ Жасалу ауданы (гарнизонда, көлікте) ______________________________________________________________ 3.1 Әскери бөлім нөмірі ________________________________________________________________________ Талон нөмірі __________________________________ Талон күні ____________________________________ Оқиғаның сипаттамасы Құқық бұзушылықтың мән-жайы Арызданушы туралы мәлімет 6. Хабар түрі: жеке адамның жазбаша арызы (01), жеке адамның ауызша арызы (02), органның/ұйымның лауазымды тұлғасының хабары (03), өз кінәсін мойындап келу (04), бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар (06), лауазымды адамның баянаты (07), Жедел басқару орталығының (бұдан әрі – ЖБО) хабары (08), анықталмаған адамның арызы (09), лауазымды адамның бастама баянаты (ЖІҚ барысында қызметкермен анықталды) (10). 7. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН) _____________________________________________________________ 7.1. Ұйымның атауы _____________________________________________________________________________ 8. ЖБО атауы _________________________________________________________________________________ 8.1. ЖБО тіркеу нөмірі ______________________ ЖБО-да тіркеу күні мен уақыты _______________________ 8.2. ЖБО қызметкерінің лауазымы ________________________________________________________________ 8.3. ЖБО қызметкерінің тегі ______________________________________________________________________ 9. Жеке сәйкестендiру нөмiрі ______________________________________________________________________ 9.1. Тегі 9.2 Аты 9.3 Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ____________________________________ _________________________ ________________________________ 9.4. Туған күні _________________________________________________________________________________ 10. Мекен-жайы Республика____________________________________________ Облыс _______________________________ Аудан_________________________________________________ Елді-мекен ______________________________ Көше_________________________________________________ Үй_______ Корпус _______Пәтер_________ 11. Телефон_______________________ Ұялы телефон ____________________ e-mail ____________________ _____________________________________________________________________________________________ 12. Аумақтық тиесілігі (ішкі ведомстволығы) бойынша түскен арыздар мен хабарлар 12.1. Арыздар мен хабарлар келіп түскен қылмыстық қудалау органы: ___________________________________________________________________________________________ 12.2. Шығыс нөмірі №________________________________ 20___ жылғы «______» ______________________ 12.3. АЕК-да тіркелген нөмірі _________________________ 20___ жылғы «______» ______________________ Қосымша ақпарат _____________________________________________________________________________________________ 13. Ескертпе Ескертпе сипаттамсы __________________________________________________________________________________________ 14. Лауазымды адам (кімге тапсырылды) Есепке алу күні _________________________ Түзету енгізілген күні ___________________ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 10 тамыздағы №99 бұйрығына 2-қосымша Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша Нысан Талон-хабарлама ТАЛОН-ХАБАРЛАМА (түбіртек) ТАЛОН-УВЕДОМЛЕНИЕ (корешок) /___/___/___/___/___/___/___/___/ (карточканың саны\номер карточки) Арыз\заявление, хабар\сообщение ________________________________________________ (арызданушының аты-жөні \фамилия, инициалы заявителя) __________________________________ (мекеме атауы \ наименование организации) қабылданды\принято. Арыздың, хабардың қысқаша мазмұны\краткое содержание заявлений, сообщений ________________________________________________________________________________________________ Ақпаратты есепке алу кітабындағы/Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеу жазбасының нөмірі мен күні\ номер и дата регистрационной записи в Книге учета информации/ Едином реестре досудебных расследований ____«____»_________20_____жылы\года Арызды, хабарды қабылдаған қызметкердің лауазымы, аты-жөні, қолы \должность, Ф.И.О., подпись сотрудника, принявшего заявление, сообщение _____________________________________________________________________________________________ (қолы\подпись) Талон-хабарламаны қабылдаушының қолы \подпись получившего талон-уведомление _________«___» cағ \час «___» минут «____»_________________20___жылы\года Интернет желісінің мекен жайы: http:\\service.pravstat.kz Адрес интернет ресурса: http:\\service.pravstat.kz SMS бойынша хабарласу 1012 телефон нөмірі арқылы 1012 номер телефона SMS сообщения Телефон бойынша 8 800-080-7777 нөмірі арқылы Со стационарного телефона по номеру 8 800-080-7777 Ұялы телефон бойынша 1414 нөмірі арқылы С мобильного телефона по номеру 1414 Арызды қабылдаған қылмыстық қудалау органның телефон нөмірі___________________ Номер телефона органа уголовного преследования, принявшего заявления: ____________ ТАЛОН-ХАБАРЛАМА (жыртылмалы талон) ТАЛОН-УВЕДОМЛЕНИЕ (отрывной талон) /__/___/___/___/___/___/___/___/ (карточканың саны\номер карточки) Арыз \ заявление, хабар\сообщение ____________________________________________ (арызданушының аты-жөні \ фамилия, инициалы заявителя) ____________________________________________ (мекеме атауы \ наименование организации) қабылданды \принято. Қабылдаған\принял____________________________ (лауазымы, аты-жөні\ должность, фамилия и инициалы) ____________________________________________ ____________________________________________ ____________________________________________ (орган атауы, мекенжайы және қызметтік телефоны \ наименование органа, адрес и служебный телефон) ________________________________ Ескерту\примечание: Арыз, хабар бойынша шешім қылмыстық-процессуалдық заңында белгіленген мерзімде қабылданатын болады \ решение по заявлению, сообщению будет принято в сроки, установленные уголовно-процессуальным законом «___»______________20____жылы\ года ________________________________________________ (қолы \ подпись) Интернет желісінің мекен жайы: http:\\service.pravstat.kz Адрес интернет ресурса: http:\\service.pravstat.kz SMS бойынша хабарласу 1012 телефон нөмірі арқылы 1012 номер телефона SMS сообщения Телефон бойынша 8 800-080-7777 нөмірі арқылы Со стационарного телефона по номеру 8 800-080-7777 Ұялы телефон бойынша 1414 нөмірі арқылы С мобильного телефона по номеру 1414 Арызды қабылдаған қылмыстық қудалау органның телефон нөмірі_________________ Номер телефона органа уголовного преследования, принявшего заявления: _________ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 10 тамыздағы №99 бұйрығына 3-қосымша Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 11-қосымша Нысан Е-1 нысаны СДТБТ-нде тіркеу 1. СДТБТ нөмірі ______________________________ Тіркеу күні, уақыты ____________________________ Шұғыл тергеу әрекеттерін жүргізудің күні мен уақыты ____________________________________ 2. Тіркеу органы _____________________________________________________________________ 3. Жасалу ауданы (гарнизонда, көлікте) _______________________________________________ 3.1. Әскери бөлім нөмірі ________________________________________________________________ 4. АЕК нөмірі______________________________ АЕК күні «____»___________________ 5. СДТБТ-нен бөлінді №______________________ Мыналарға қатысты: ҚР ҚПК 44-бабы 3-бөлігі тәртібіндегі қылмыстық құқық бұзушылыққа (қылмысқа) қатысты (01) ҚР ҚПК 44-бабы 1-бөлігі тәртібіндегі адамға қатысты (02) ___________________________________________________________________________________________ 6. Мынадай жолмен жасырылды: тіркемеу (01), негізсіз қараусыз қалдыру және негізсіз номенклатуралық істе (нарядта) сақтау (02), ҚР ҚПК 181-бабы 5-бөлігіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға негізсіз жолдау (03), аталған мәселені қарау құзыретіне кіретін уәкілетті органға негізсіз жолдау (04), негізсіз қоса тіркеу (05), жеке айыптау істері бойынша сотқа негізсіз жолдау (06), іс жүзінде берусіз тергеуге алынғандығына (аумақтық тиесілігіне) қарай беру жолымен (07), басқа қылмыстық құқық бұзушылыққа тән белгілерін иеленуші материалды бөлек өндіріске шығармау (08), қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар болған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке негізсіз тарту (09). 6.1. Есепке алудан жасырылған қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының қызметкері (1), прокурор (2), сот (3), ведомстволық жолмен (4) 6.2. Қылмыстық құқық бұзушылықты (қылмысты) жасырған орган ________________________________________________________________________________________________________________________________________ 7. Бірлескен жұмыс нәтижесінде анықтады: арнайы прокурор (01), Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) (02), ҰҚК шекара қызметі (03), ҰҚК, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган (04), Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) (05), Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - ҚМ МКК) (06), Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі - МҚСЖҚІА) (07), Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – МКҚ) (08). 8. Мынадай нәтижелер бойынша тіркелді: әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау желісі бойынша тексерістер (01), мемлекеттік органмен өз қызметкеріне қатысты жүргізілген тексерулер (02). 9. Жасалған күні __________________ жасалған уақыты ____________________ 9.1. Қылмыс/теріс қылық сипаттамасы Қылмыс/теріс қылық мән-жайы 10. Қылмыстық құқық бұзушылықты (қылмысты) саралау ҚР ҚК _________ _____________ ҚР ҚК 11-бабы бойынша: анықталмады (0), ауыр емес (1), орташа (2), ауыр (3), аса ауыр (4). ҚР ҚК 24-бабы бойынша: дайындалды (1), қастандық жасалды (2). 10.1 Қылмысты саралау 1997 жылғы 16 шілдедегі ҚР ҚК _____________ 10.2. Құқық қорғау және арнайы органның қызметкеріне қатысты тіркелді: ІІМ (013), ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (009), ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті (019), ІІМ Ұлттық Ұланы (020), ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы (031), ҚМ МКК экономикалық тергеулер қызметі (016), МҚСЖҚІА сотқа дейінгі тергеп-тексеру департаменті (015), ҰҚК (017), ҰҚК шекара қызметі (022), МҚҚ (023), «Сырбар» сыртқы барлау қызметі (038); прокурор (011); Арыз беруші туралы мәлімет 20. Арыз түрі: жеке адамның жазбаша арызы (01), жеке адамның ауызша арызы (02), органның/ұйымның лауазымды тұлғасының хабарламасы (03), өз кінәсін мойындап келу (04) ауызша нысанда өз кінәсін мойындап келу (05), бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар (06), лауазымды тұлғаның баянаты (07). 21. Бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН)____________________________________ 21.1 Ұйымның атауы ___________________ 22. Жеке сәйкестендiру нөмiрі (ЖСН) ___________________________________ 22.1 Тегі 13.2 Аты 13.3 Әкесінің аты (бар болған жағдайда) ___________________________ ___________________ 23. Туған күні ________________ 24. Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы (1), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттің азаматы (2), азаматтығы жоқ адам (3), шетел азаматы (4), оралман (5), шетел азаматының азаматтығы (анықтамалық бойынша) __________________________________________. 25. Жеке басты куәландыратын құжат: Қазақстан Республ
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024